Бауыр барда!

Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,

Өз басыңның қамын ғана жей көрме.

Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,

Бауыр барда,

Бақытсызбын дей көрме!

Кейде реніш,

Кейде ыза болсада,

Ақ көңілің қара ашуға толсада.

Ең қымбаты,ең ардағы бауырың,

Арадағы жылулығы солсада.

Ауыр айтпа,

Көңіліне қадама,

Жанжалдасып,ала көзбен қарама.

Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,

Екі туып бір қалғанға балама.